Главное

Алматыда мотоцикл жүргізушісі жұмысшыларды қағып өлтірді

Алматыда мотоцикл жүргізушісі 3 адамды қағып кетті, өкінішке орай 2 адам сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіге шыққан видеода көрінгендей, жолда екі адам қозғалыссыз жатыр. Олар жол жөндеп жүрген жұмысшылар болған.

«Мотоцикл жүргізушісі әуелі Mercedes-Benz автомобиліне соққан. Бірақ онымен тоқтамай, жүріп кетіп, жол жөндеп жатқан екі ер, бір әйел адамға соғады», — делінген жазбада.

Ер адамдар оқиға орнында тіл тартпай кеткен, ал әйел ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Бұл деректі Алматы қалалық полиция департаменті растады және оқиғаның бүгін сағат түнгі 1.30-да Алматының Алатау ауданында болғанын мәлімдеді.

«Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісіті сараптамалар тағайындалды», — деді ПД.

Другие новости

Back to top button