Алматы
Алматыда мопед мінгендер көлік жүргізушісінің басынан арматурамен ұрған
Алматыда мопед пен жеңіл көлік жүргізушілері төбелескен. Оқиға City Plus тұрғын үй кешенінің маңында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Жағдай 27 мамырда кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Мопед Toyota Land Cruiser автокөлігінің бамперін сырып кеткен. Содан соң көлік жүргізушінің басынан арматурамен ұрған. Төбелестен кейін бұзақылар қашып кетіпті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.
Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Полиция не дейді
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.