Госорганы

Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасы жұрттан 80 млн теңге жинап алғаны анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» жобасының қызметін тоқтатты. Жоба қаржы пирамидасы ретінде танылып, көптеген азаматты алдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтар әлеуметтік желі арқылы жарнама жасаған

Ұйымдастырушылар өз жобаларын мынадай платформалар арқылы белсенді түрде жарнамалап, жұртты «Matic Basket» жобасына инвестиция салуға шақырған

  • YouTube;
  • WhatsApp;
  • Telegram.

Олар криптовалюта биржаларында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары табыс табуға болады деп сендірген.

Ресми құжаттар мен келісімшарттар болмаған

Салымшылардың салған қаражат көлемі 5 000 теңгеден бастап 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен.

Алайда ешбір қатысушыға растайтын ресми құжат, келісімшарт немесе құқықтық кепілдік ұсынылмаған.

Жаңа адам тартқандарға 10% сыйақы уәде етілген

Жүйе пирамида тәсіліне негізделген: жаңа адамды тартқан қатысушыға әрбір операциядан 10% сыйақы берілетіні айтылған.

1900-ден астам адам алданған

Қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қаражат салғаны анықталды.

Күдіктіге шектеу қойылды

Қазіргі таңда басты күдіктіге қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Другие новости

Back to top button