Алматыда LRT желісінің бірінші жолы қашан іске қосылады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы-1 және Алматы-2 арасындағы LRT және жер үсті метрополитенінің бірінші желісі іске қашан қосылатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен өткен Алматыны дамыту жөніндегі кеңес барысында әкім қаланың транспорттық қаңқасын қалыптастыру кезеңдері туралы баяндады.
“Бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек бойынша LRT құрылысын бастау, бөлінген жолақтар туралы құқықтық актілерді қайта қарау, жолаушыларға арналған жаңа тарифтік мәзірді енгізу, автобустарға арналған 10 бұрылыс алаңын және үш көлік торабын салу жоспарлануда”, – деді Досаев.
Екінші кезең барысында 2025-2026 жылдары көлік қаңқасының 10 дәлізі іске қосылады, 26 шақырымдық LRT бірінші желісін салу, Алматы-1 станциясынан Алматы-2 станциясына дейін үш жаңа метро және жер үсті метро станцияларын іске қосу қарастырылған.
Алматы әкімі жүрдек көлікті дамыту есебінен қалалық маршруттарға жүктеме тұтастай төмендейтінін атап өтті.