АлматыВыбор редакции

Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді: 31 адам ауруханаға жеткізілді

Алматыда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, соңыра сөндірілген.

Үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.

Көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы — балалар.

«Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы — бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.

Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Другие новости

Back to top button