Алматы

Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытына бұрылған полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті

Алматыда полиция қызмет көлігінің жолдың қарама-қарсы бағытына кенет бұрылып мопед жүргізушісін қағып кеткен видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақрпарат агенттігі хабарлайды. 

EGOV.PRESS Telegram арнасында жарияланған видео кадрларында полицияның қызметтік көлігінің күтпеген жерден қарама-қарсы бетке жылдамдықпен бұрылғаны көрсетілген. Нәтижесінде жол бағытына шыққан мопед жүргізушісін қағып кеткен.

Желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырды:

“Мен полиция қызметкерлерін ешқашан жақтаған емеспін, бірақ дәл осы жағдайда мопед жүргізушісі кінәлі”, “Оларға бәрін істеуге болады”, “Жарады, бұрылыс кезінде бар жылдамдықты аямапты”, – деді желі қолданушылары.

Оқиғаға байланысты полиция департаменті пікір білдіріп, жол-көлік оқиғасының Алматы қаласының Жетісу ауданында орын алғанын жеткізді.

“Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатып, белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде бұрылу маневрін жасады. Алдын ала жарқыраған маяктар мен дыбыстық белгіні қосты. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне қозғалыс артықшылығын берді. Алайда, қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүрген мопед жүргізушісі заңның талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысты. Ол медициналық көмектен бас тартты. Жол көлік оқиғасы фактісі тіркеліп, «Chevrolet» автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жіберіледі”,- делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button