Алматы

Алматыда жолаушы рульде отырған автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

Алматыда агрессивті жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Оқиғаның барысы туралы желіде видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, салонның қоршаулы бөлімін сындырған. Салдарынан жолаушылар шығуға мәжбүр болған.

Алматы қаласы Алатау ауданының полиция департаменті болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, Алматы полициясы «Заң және тәртіп» қағидатын еске салып, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады», — деп жауап берді Алматы ПД.

Другие новости

Back to top button