Алматы

Алматыда жоғалған қыздың денесі өзен жағасынан табылды

Алматыда жоғалып кеткен Виктория Солдатованың денесі таудағы өзеннің жанынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қыркүйек күні полицейлерге бір қыз әпкесінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Оның айтуынша, 17 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00 шамасында әпкесі үйден шығып кетіп, оралмаған.

Бұл ретте ол әпкесі жігітімен әңгімесінде тауға баратынын айтып, сәлден соң оны өрмекші шағып алғанын жазғанын түсіндірді.

Таулы аймақта өзен жағасында жүргізілген іздестіру барысында жоғалған қыздың денесі табылды. Зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

 

Другие новости

Back to top button