Алматы

Алматыда жарнама ілетін альпинист 12-қабаттан құлап, көз жұмды

Алматыда жарнама ілетін 26 жастағы альпинист 12-қабаттан 2-қабаттың балконына құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болды. «ДДК-экстрим групп» ЖК өнеркәсіптік альпинисі Төле би көшесіндегі 16 қабатты «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатқан.

Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button