Алматы

Алматыда жануарларды қорғауға арналған митинг өтеді

Алматыда 14 мамырда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның орындалмауына қатысты әкімдікпен келісілген митинг өтеді. Бұл туралы «KARE-Забота» қоғамдық қорының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Митинг 14 мамыр күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы скверде өтеді деп жоспарлануда.

«KARE-Забота» ҚҚ мәліметінше, митингтің мақсаты:

— ҚР жергілікті атқарушы органдарының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын саботаждау және орындамауға қатысты қоғамдық пікір білдіру;

АЗВҚ (Аулау – Зарарсыздандыру – Вакцинация – Қайтару) бағдарламасының орындалмауы;

Негізгі себептер жойылмаса, жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, атап айтқанда үй жануарларын жауапсыз ұстау, өсіру;

НҚА бойынша ресми жұмыс;

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың тиісінше орындалуын қоғамдық бақылау саласында өкілеттігін іске асыру үшін қоғамдық инспекторлардың жұмысына кедергі келтіру;

Жануарларға қатыгездік көрсету фактілеріне байланысты ІІМ тарапынан тиісті шаралардың болмауы;

Жануарлардың қауып алғаны туралы сенімсіз деректер, сондай-ақ, оқу орындарында, БАҚ-та, билборд, плакаттарда таныстыру бағдарламаларын ұйымдастыруды талап ету болып табылады.

«Митинг санкцияланған және Алматы қаласының әкімдігімен келісілген. Ұйымдастырушылар: «KARE — Забота» ҚҚ, Зоо-қоғамдастық альянсы, сондай-ақ еріктілер», — деп хабарлады «KARE-Забота» қоғамдық қорының өкілдері.

Айта кетейік, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі митингтің әкімдікпен келісілгенін растады.

Другие новости

Back to top button