Алматы

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды

Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2002 жылғы Дамир Нұрбеделұлы 12 мамырда жоғалып кеткен. Сағат 11:30-да Медеу ауданы, Думан ықшамауданы, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі, 10-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып, қайта оралмаған.

Бойы – 175-180 см шамасында, орта денелі, қара торы, шашы қысқа, көзі қоңыр.

Үстінде қара күрте, қара шалбар, қара кроссовка болған. Ұялы телефон да өзімен болған екен.

Еріктілердің айтуынша, жігіттің мәйіті 18 мамырда табылды. Алайда өліміне не себеп болғаны айтылмады.

Другие новости

Back to top button