Алматы

Алматыда ITM Fest 2023 фестивалі өтті

Алматыда қызықты ITM Fеst 2023 фестивалі өтті. Фестивальдің бағдарламасы әр қонақты қуантты. Жомарттықпен АЛматы қаласының үздңк оқытушыларыөздерінің шығармашылық шеберліктерімен жәнетәжірибесімен мастер-класстарда көрсетті.

Фестиваль бір алаңда шығармашылық бағыт пен IT-саланы біріктірді. Бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мобилография мастер-класында смартфон құрылғысыарқылы ерекше бейневидеоларды жасау дағдыларынүйретті. Немесе қиялыңыздың жүзеге асырылуынаэскиздеу және арт-терапия және арқылы скетчингсабақтары арқылы үйреніңіз.

Алматы қаласының 150-ден астам тұрғындары мен Оңтүстік елорда қонақтары қызықты шеберліксабақтарына қатысып, әркім өзі үшін, әртүрлі бағыттардыашты. Фестивальдің ең жас қатысушы 2 жаста, ал еңқұрметті қатысушы 80 жаста.

Көптеген адамдар үшін экология бойынша мастер-класс өзгеше жаңалық болды. Шынайы өмір жағдайларындафестиваль қатысушылары экологияға қалай әсер етеалатынымызды және өмірімізді тұрақты жәнеэкологиялық жауапкершілікке қалай айналдыруғаболатынын түсіне алды. Қонақтар суды жәнеқалдықтарды тұтынуды азайту әдіс-тәсілдерін білді.

Фестивальге Шымкент қаласынан келген ТұяқбайПарасаттың айтуынша, ол осы идеяларға тәнті болып, шабыттанып, енді өзінің күнделікті өміріне барлықлайфхактарды енгізуге ұмтылуда.

«Мен өмірімде ұзақ уақыт бойы бір реттік сөмкелердіпайдаланбадым, өйткені мен планетаның пластиккебатқанын қаламаймын. Бірақ, мен электр құрылғыларынрозеткалардан ажырату маңызды, бұл энергияныүнемдеуге мүмкіндік береді деп ешқашан ойлағанемеспін«, — деп Парасат өз эмоцияларымен бөлісті.

Екі сағат ішінле келген қонақтар мастер-класстарғақатыса алады. Егер, робототехника сөзінің астарында не жатқанын көптен бері білгіңіз келсе, фестивальдеқатысушылар сол дағдыларды мысалдарды көріп, дамытаалды.

«Мен робототехника болашаққа бағыт екенін білдім. Бірақ, мен бұл мастер-класста көп нәрселерді қамтидыдеп ойламадым. Бағдарламалау-бұл негіз, Python немесеJava сияқты арнайы тілдерді білу маңызды. Соныменқатар, электроника дағдылары, схемалар мен тақталармен жұмыс істеу туралы түсінік қажет. Робототехника шығармашылықты талап етеді, бізбелгілі бір міндеттерді шешуге шығармашылықпенқарауымыз керек», — деп бөлісті Ерік Алматы фестивалінің қатысушысы.

Білім беру бөлімінен басқа, фестиваль қонақтары табыстыадамдардың, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардыңәңгімелерінен шабыт алды. Өмірдегі болған жағдайларғақарамастан олар өз мақсаттарына жету үшін одан да батыл және сенімді болды.

«Дамир Нұркежановты көріп, естігеніме қуаныштымын. Мен оның ITeachMe бірінші маусымының түлегі екенінбілемін. Оның қандай керемет нәтижелерге қолжеткізгенін естігенде мен таң қалдым. Біздің арамыздаосындай адамдар бар екенін мақтан тұтамыз жәнеоның басында мүгедектер арбасының көмегіменқозғалатыны туралы ойыңымызда да жоқ, оны жай ғанатыңдап, таңданамыз«, деді ITM talks тыңдаушысыЕсенбек Асылжан.

Ұйымдастырушы ITeachMe қоғамдық қоры және бас серіктес Шинхан Банк Қазақстан АҚ және EPAM Kazakhstan серіктестерімен бірлесіп фестивальдің еңбелсенді қатысушыларына Алтын билеттерді табыс етті. Алтын билет – бұл фестиваль аяқталғаннан кейін өтетінгала-кешкі асқа шақыру және мастер-класстардың еңмұқият тыңдаушысы болған, жаттықтырушыларға еңқызықты сұрақ қойған және барлық іс-шараларға белсендіқатысқандарға беріледі.

«Біз әр адамның дамуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Ол үшін біз фестивальдің бірегей ортасын құрдық, ондабіз IT және шығармашылықты біріктіріп, әрбір қонақөзіне пайдалы, қызықты нәрсе таба алатын, позитив пен мотивацияны арттыра алатындай жасадық. Біз еңбелсенділерін гала-кешкі асқа шақырдық, бұл олардыңдамуға деген ұмтылысы үшін шағын бонус болсын«,депбөлісті Iteachme қорының директоры Захира Бегалиева.

Фестиваль соңында қонақтар қазақстандықорындаушылардың концертіне қатыса алды. Сахнадатанымал Mezzo вокалдық тобы және Қарағандыданкелген жас әрі талантты Bonapart орындаушысыныңәндері шырқалды, сондай-ақ Тұрсынай Әлібекқызыжетіген ұлттық аспабында ойнап, көрермендерді тәнтіетті.

Фестиваль екі күн бойы өтті. Екінші күні«Дөңгелектердегі квест» белсенді спорттық тақырыптаесте қаларлықтай өтті. Жарыста әртүрлі көліктүрлеріндегі командалар жиналды: велосипед, роликтер, мүгедектер арбалары және т. б.. Командаларға бөлінгенқатысушылар креативті, тапқырлықты қолдана отырып, бәрімізге қоғамда тең екендігімізді тағы бір рет дәлелдеуүшін жылдамдықтарын, қолдарынан келгеннің бәрінкөрсетті, тек кейбір қатысушылардың әлеуетін ашу үшінкөмек қолы қажет.

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен жәнеҚазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық қолдауыменұйымдастырылды.

Другие новости

Back to top button