Алматы

Алматыда ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық бойынша ұсталды

Алматы қаласы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық бойынша ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда», — делінген ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Другие новости

Back to top button