Алматы

Алматыда ер адам балалар алаңында шалбарын шешіп жүрген

Кеше, 1 маусым, Халықаралық балалар құқығын қорғау күнінде Алматыдағы Мұратбаев ауданында орналасқан алаңда кішкентай балалар ойнап жүрген кезде белгісіз ер адам шалбарын тізесіне дейін шешіп, қарап тұрған, деп хабардайды Azattyq Rýhy.

Оқиға әлеуметтік желіде тарады.

«Бұл ер адам балалар алаңында шалбарын тізесіне дейін түсіріп алып, қарап тұрды. Айналасында балалар мен әйелдер болған. Олар полиция шақырған, бірақ олар келгенге дейін ер адам кетіп қалды»,- деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Azattyq Rýhy тілшісі полиция департаментінен видеодағы ер адамға қатысты ақпарат сұратты.

«Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Құқық бұзушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады», — деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button