Алматыда Дүниежүзілік тазалық күні «Өмірге орын босатайық!» ұранымен өткізілді
Бүгін «Такеда Қазақстан»халықаралық фармацевтикалық компаниясының қызметкерлері Дүниежүзілік тазалық күнін (World Cleanup Day) атап өту аясында Алматы қаласындағы Баум тоғайында еріктілермен бірге 160 келіден астам қоқыс жинады. Баум тоғайы — мемлекеттік табиғи ескерткіш және қала шекарасында орналасқан бірегей табиғи орман кешені. Биыл Дүниежүзілік тазалық күні «Өмірге орын босатайық» ұранымен өтіп жатыр. Осы науқанға қатысу арқылы компания қоқыссыз әлем құруды мақсат тұтатынжаһандық науқанға өз үлесін қосып жатыр.
Қоқысты сұрыптау тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі жаһандық мәселелердің бірі болып табылады. Жыл сайын дүние жүзінде 2 миллиард тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар қоқысқа тасталады. Жағдай өзгермесе, 2050 жылға қарай қоқыс көлемі 70 пайыздан астам артуы мүмкін. 3,5 миллиардтан астам адам тиімді кәдеге жарату жүйелеріне қол жеткізе алмайды, соның нәтижесінде олар тастаған кейбір қоқыс өртеледі немесе қоршаған ортаға, соның ішінде өзендерге, теңіздерге және мұхиттарға түседі.
Танымал Earth.org қоршаған орта туралы жаңалықтар сайтының мәліметтеріне сәйкес жыл сайын қоқыс тастайтын жерлерде немесе қоршаған ортада шамамен 60% немесе 300 миллион тонна, ал мұхиттарда кемінде 8 миллион тонна пластик қоқыс жаналады екен. Осылайша мұхит бетінің шамамен 40% пластик жауып тұр.
«Такеда Қазақстан» халықаралық фармацевтикалық компаниясының бас директоры Михаил Владимиров: «Адамның денсаулығы қоршаған ортаның қазіргі жағдайымен тығыз байланысты. Табиғатқа неғұрлымұқыпты қарасақ, өзімізге және болашаққа соғұрлым ұқыпты қараймыз. Ластанған орта денсаулығымызға кері әсер етіп, түрлі ауруларды қоздырады. Сондықтан қоршаған ортаға және планетамыздың тазалығын сақтауға қатысты көзқарасымызды ой елегінен қайта өткізу маңызды.
Осы бағыттағы басты қадамдардың бірі – қоқыстыжинау және сұрыптау. Адамдардың денсаулығына тікелей жауапты компания ретінде біз үшін қоқыс жинау, экологиялық шараларға қатысу — тазалық пен денсаулықты сақтауға деген ұстанымымыздыкөрсетудің бір жолы. Мұндай іс-шаралар әр адамның өмірге қосатын жеке үлесінің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Оған қоса үкімет пен корпорацияларғақалдықтарды басқарудың тиімді жүйелеріне, тұтыну жолдарына, заңнамаға қатысты шешімдерді енгізу қажет екенін жеткізу мүмкіндігі болып табылады.
Дүниежүзілік тазалық күніне қосылыңыз, қоршаған ортаны бірге тазартайық!».
Былтыр Дүниежүзілік тазалық күніне 198 ел мен 19,1 млнерікті қатысты.
«Такеда» қызметкерлері жинаған қоқысты сұрыптауды және одан әрі өңдеуді Recycle БІРГЕ қоғамдық қозғалысы мойнына алды.
Takeda Pharmaceutical Company Limited туралы:
Takeda — ем алушыларға бағдарланған, құндылықтарға жәнеғылыми зерттеулерге негізделген, бүкіл әлемдегі адамдардыңденсаулығын жақсартуға және жарқын болашақты қамтамасыз етуге ұмтылатыны биофармацевтикалық компания. Ем алушылардың өмірін жақсы жаққа өзгертеалатын емдеу әдістерін жасап шығаруға деген құштарлығымыз және талпынысымыз 230 жылдан астам уақыт бұрын Жапониядан бастау алды.
Біз шамамен 80 елде жұмыс істейміз, Жапонияда және АҚШ—та, сәйкесінше әлемдегі ірілігі жағынан үшінші және бірінші фармацевтикалық нарықтарда, көш бастап тұрмыз. Біз бүкіл әлемдегі адамдарға инновациялық препараттар жәнетөңкерісшіл емдеу әдістерін ұсынатын боламыз.