Главное
Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне қай көшелер жабылады

Алматыда 10 тамыз күні әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық полиция департаменті жариялаған картаға сәйкес, сағат 16:00-ден бастап көлік қозғалысы мына үш учаскеде шектеледі:
- Байтұрсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
- Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
- Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.