Алматы

Алматыда балалары азғындық көрді деген әйел ұлтаралық арандатушылық туралы мәлімдеді

Ирина полицияға көмек сұрап жүгінген

Алматыда кәмелетке толмаған балалары жасөспірімдер тарапынан жыныстық сипаттағы іс-әрекеттерге ұшыраған тұрғын мақсатты түрде арандатушылық жасалғаны туралы айтты, ддеп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның БАҚ-қа берген сұхбатын және көршісінің сұхбат кадрларын пайдаланып, ұлтаралық алауыздықты тудыратын ақпаратты әдейі қалыптастырған. «Кей жайттар контекстен үзіліп алынған» деп шағымданады екі баланың анасы.

Ирина полицияға көмек сұрап жүгінген. Ол бұл мәселені ашық қарауға ниетті.

«Оқиғаға қатысы бар балалардың бәрі — еуропалық ұлт өкілдері. Сондықтан оған ұлтаралық сипат берудің қажеті жоқ. Мен Қазақстанда туғалы бері тұрамын, басқа ұлттардың арасында достарым өте көп. Біз бәріміз татулықта өмір сүріп жатырмыз», – деп қорытындылады жергілікті тұрғын.

 

Другие новости

Back to top button