Госорганы

Алматыда ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамау мерзімі тағы ұзартылды

Қазіргі кезде бюджет қаражатының ұрлануына қатысты тергеу жүріп жатыр

Сот «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен «АланПаркинг» ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, сот қаулысымен тергеу органдарының қамауда ұстау мерзімін жалпы алғанда жеті айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды.

«Марат Пірінбековті қамау мерзімі 15 қарашаға дейін ұзартылды. Мұхтар Базарбаевтың қамау мерзімі 26 қазанға дейін ұзартылды», — делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілген болатын. Жоғарыда аталған компаниялардың деректері бойынша ақылы автотұрақтардың жылдық қаржы айналымы орта есеппен 1,4 млрд теңгені құраған. 25 сәуірден бастап ақылы автотұрақтар Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қайтарылды, олардың ақылы тұрақ қызметінен түскен барлық кірісі қалалық бюджетке жіберілді.

Қазіргі таңда компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, бюджет қаражатының ұрлануына қатысты тергеу жүріп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button