АЛМАТЫДА АЛҒАШҚЫ HALYK OPEN GOLDEN KIDS ТУРНИРІ ӨТТІ

#АуылФутбол жобасы аясында 4 — 5 тамыз күндері Алматы қаласында ауыл командаларының қатысуымен HALYK OPEN GOLDEN KIDS алғашқы футбол турнирі өтті. Бас демеуші – «Халық» Қайырымдылық қоры.
Алматының орталығындағы ЦСКА аренасында турнирге 16 ауыл командасы қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша 4 топта 4 командадан анықталды. Үздік екі орын алған командалар плей-офф кезеңінде ойнауға, содан кейін жүлделі орындар үшін күресуге мүмкіндік алды.
#АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетовтің айтуынша, бұл турнирдің негізгі идеясы ойыншылардың жеке қасиеттерін бағғалау, осыған орай «Қайрат» футбол клубының скауттары шақырылған, жәнеде футбол ардагерлері Құралбек Ордабаев және Ваит Талгаев қатысты.
«Бұл турнир біздің алғашқы, эксперименттік жобамыз. Турнирдің басты мақсаты жүлделі орындар, атақ, кубок, медальдар үшін күрестен бөлек, жас таланттарға өздерін көрсетуге, мамандардың алдында жеке қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Бұл турнирде бізге қолдау көрсететін «Қайрат» кәсіпқой футбол клубының басышылығына алғыс білдіреміз! Ауылдан шыққан жас таланттарды үнемі қолдайтын турнирдің негізгі бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қорына» ерекше алғыс, — деді С.Мәмбетов.
Сондай-ақ турнир қорытындысы мен скауттардың пікірі бойынша 12 үздік ойыншы – турнирдің өзіндік символдық командасы анықталды, олар Бас демеуші тарапынан сыйлықтармен марапатталады.
«Кез келген турнир жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап — 1-3 орындарды иеленген командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталады. Турнир чемпионы – Маңғыстау облысының «Намыс – Қызылтөбе» командасы. Айта кетейін, команда жаттықтырушысы Пердебек Қашқамбаев жетекшілігімен 2024 жылғы HALYK OPEN CUP республикалық турнирінде 1 орынға ие болған. Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншысы — «Алтын доп» иегері болып команданың ойыншысы – Абзал Баймұхан атанды», — деп хабарлады С.Мәмбетов.
Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік жас ойыншы» болып – Алматы облысының RedSapsans командасының 2014 жылы туылған Сейдахмет Ахмет есімді ойыншысы атанды.
Күміс жүлдегенрі болып RedSapsans командасы танылса, қола жүлдені Алматы облысының «Іле Сәулет» командасы жеңіп алды.
Турнирдің төрешілер алқасының құрамында жоғары санатты төрешілер – Сәуле Джарболова, Марат Нарынов, Сарсенбай Айгисинов болды.
#AуылФутбол жобасының турнирлеріндегі тағы бір жаңалық — YouTube және TikTok желілерінде матчтарды тікелей трансляциялау. Жазбасын мына сілтемемен көруге болады — https://www.youtube.com/@%D0%90%D1%83%D1%8B%D0%BB%D0%A4%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB/streams . Жәнеде HALYK OPEN GOLDEN KIDS турнирінде алғашқы рет әр матчтың үздік ойыншысын марапаттау жүйесі қолданылды. Осылайша, 32 матчтың қорытындысы бойынша 32 үздік ойыншы анықталып, олар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирді жылына екі рет өткізу жоспарлануда.
#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері ауылдағы балалар футболын қолдау болып табылады. Оның қызметі барысында 180-нен астам команда қаржылай қолдауға ие болды, екі ауылда алаңдар салынды, жаттықтырушылар үшін ондаған семинар-тренингтер өткізілді.
2023 жылдың қараша айында #АуылФутбол жобасы және «Халық» Қайырымдылық қоры Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, оның бағдарламасы бойынша 100 ауыл командасына қолдау көрсетілді, 100 жаттықтырушы оқытылды, Қазақстанның аймақтарында 14 турнир өткізілді және қорытынды Республикалық турнир өткізілді, сонымен қатар қалыптастыру және қамтамасыз ету #АуылФутбол жобасының Алматы облысы құрама командасының оқу-жаттығу барысы және оның беделді турнирлерге қатысуы. Сонымен қатар, жоба аясында бұрын-соңды болмаған республикалық #АуылФутболAWARDS жүлдесі тағайындалды, ауыл балалары футболын қолдауға, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттауға бағытталған, сонымен қатар балаларды футбол ойнауға ынталандыратын негізгі құралдардың бірі.
Айта кетейік, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың «Халық» Қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 120-дан астам жобаға 85 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген.