Алматы

Алматыда ағаш құлап, автокөлікті сындырып кеткен

Алматыда ағаш құлап, автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және тағы бір көлікке зақым келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Оқиға Алмалы ауданында Шәріпов-Құрманғазы көшелерінің ауданында болған.

Кейінірек ТЖ департаменті жағдайға түсініктеме берді.

«24 тамызда сағат 13:05-те Алмалы ауданында Ади Шарипов көшесінің бойында 120 үйдің жанында Kia Rio, Chevrolet Cobalt маркалы екі автокөлікке ағаш құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнын тазарту үшін Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметі жіберілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді ТЖД.

Автокөлік иелеріне зиянды кім өтейтіні белгісіз.

Другие новости

Back to top button