Культура

Алматыда Абай күні қалай аталып өтеді

 Алматыда Абай күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы хабарлағандай, 10 тамыз «Абай күнін» мерекелеу аясында келесі іс-шаралар өтеді:

10:00-де Абай алаңында (Достық және Абай даңғылдарының қиылысы) Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылады

11:00-де орталық қалалық кітапханада (Гоголь көшесі, 109) Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Аналар кеңесі бірлесіп «Ұлы Абай халық жүрегінде» атты дөңгелек үстел өткізеді

12:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында (Нұркент шағын ауданы, 6) «Абай мұрасы — қазақ қазынасы» әдеби-музыкалық қойылымы өтеді.

«Іс-шараға ғылым және шығармашылық адамдары, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің өкілдері, қазақстандық кино және театр актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов қатысады», — делінеді хабарламада.

Еске салсақ, танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында тың челлендж бастады.

Сондай-ақ, Абай облысында ХХIV республикалық Абай оқулары басталғанын хабарлағанбыз.

Другие новости

Back to top button