Алматы

Алматыда 7 мамыр мерекесі қалай тойланады

Алматыда Отан қорғаушы күні бірқатар іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарлама қаланың барлық аудандары мен ашық алаңдарда ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы әкімдігі ұсынған мәліметке сәйкес, 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді. Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр қатысады. Сондай-ақ сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Зәбирова, «IL Canto» квартеті, Жәмила Серкебаева өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында ұйымдастырылады:

— Алатау ауданында ардагерлер мен жастардың қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 7 мамыр, сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайындағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.

— Жеңіс күні мен Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамыр, сағат 11:00-де Атлеттер ауылында өтеді;

— Алмалы ауданында: 7 мамыр, сағат 17:00-де «Елім менің» патриоттық әндер орындаушыларының байқауы Арбатта өтеді.

— Бостандық ауданында 5 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өтеді, Попов көшесі, 1а.

— Жетісу ауданында 7 мамыр, сағат 14:00-де Қарулы күштер өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт «Кемел» шағынауданындағы Есім хан көшесі, 127А мекенжайында өтеді;

— Медеу ауданында Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт 6 мамырда, сағат 10:00-де Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) өтеді;

— Наурызбай ауданында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концерт 5 мамыр, сағат 10:00-де Ақжар шағынауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 мекенжайындағы әскери бөлімде өтеді.

— Түрксіб ауданында Отан қорғаушы күніне арналған бағдарлама 6 мамыр, сағат 11:00-де өтеді ҚР құрлық әскери институтында (Красногорская, 4) өтеді.

Биыл Жеңіс күніне арналған марш Алматыда онлайн форматта ұйымдастырылатыны туралы жазған болатынбыз.

Алматы қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 50-ден астам ардагер қалды. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден беріледі.

Другие новости

Back to top button