Алматы

Алматыда 6 жасар бала үйдің шатырынан құлап мерт болды

Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы полициясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, кейбір БАҚ жазғандай бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған.

Еске сала кетсек, елордада балаларға қатысты бірнеше қайғылы факті болды.

21 қыркүйекте Астанада оқушы жоғарғы қабаттан секіріп мерт болған еді.

Ақпаратта айтылғандай, 2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылған.

Одан бөлек, 25 қыркүйекте Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназияның оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып баспалдақтан құлап кеткен болатын.

Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылды. Қазіргі уақытта бала ауруханада ем алып жатыр.

Другие новости

Back to top button