Алматы

Алматыда 17 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты

6 наурыз күні сағат 22:44 шамасында көп қабатты үйден өрт шықты. Қалалық ТЖД қызметкерлері мен техникалары Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 41/2 мекенжайына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үйдің 7 қабатында тұрмыстық заттар өртенген. Пәтерден шыққан өрттің түтіні саты алаңына жеткен.

Өрт сөндірушілердің басты мақсаты адамдарды құтқарып, эвакуациялау болды. Кейбір тұрғындар өздігімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

“Іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады. Өрт сағат 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенген еді.

Другие новости

Back to top button