Алматы

Алматы ТЖД басқарма бастығы түрмеге тоғытылды

Қостанайдың №2 соты Алматы ТЖД басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алмат Жаныспаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алмат Жаныспаев кәсіпкерге “қамқорлық” көрсетіп, жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Шенеунік бес жылға бас бостандығынан айырылды. Арнайы лауазымдардан, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button