Алматы

Алматы тауларында адасып қалған үш қыз құтқарылды

Алматы тауларында адасып қалған үш қыз құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы түні РЖҚЖ құтқарушылары өтініш берушілерден Жапония жолының ауданына қарай геолокация бойынша шақыруға шықты.

Үш қызды тапқаннан кейін жедел құтқару тобы оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Другие новости

Back to top button