Алматы қаласы Зағиптар қоғамы 15-қазан – Ақ таяқтылар күніне орай ерекше оқиғаның куәсі болды
Параспортшы Мадьяр Жанысбаевтың бастамасымен Ганди саябағында өткізілген турнир көру қабілеті шектеулі жандар үшін ерекше маңызға ие болды. Бұл турнир инклюзивті спортты насихаттап қана қоймай, зағип жандардың спорттық шеберлігін көрсетуге мүмкіндік берді. Әр қатысушының талпынысы мен күш-жігері көпшілікті жігерлендірді.
Осы маңызды шараның өтуіне «Respublica» партиясының Алматы қалалық филиалы үлкен қолдау көрсетті. Партия өкілдері шараны ұйымдастыруда белсенділік танытып, волонтерлармен толықтай қамтамасыз етті. Сонымен қатар, партия инклюзивті қоғамды қолдауға бағытталған арнайы бағдарламаны жүзеге асырып, турнир жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табыстады. Бұл сыйлықтар турнир қатысушыларына қосымша мотивация беріп, олардың болашақта спорттық белестерге жетуіне ықпал етеді.
Іс-шараның мәні тек спорттық жарыс қана емес, инклюзияны қолдау, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы рөлін күшейту болып табылады. Бұл турнир алдағы уақытта да инклюзивті қоғамның дамуына және параспорттың танымал болуына серпін берері анық.