Госорганы
Алматы, Өскемен, Теміртау қалалары көк түтінге тұншығады – синоптиктер

17 ақпан күні таңертең «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеожағдайлар туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылғы 17 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», — деп хабарлады синоптиктер.
Қолайсыз метеожағдайлар қалалардың атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтілуде.