Происшествия
Алматы – Өскемен тас жолында жеті бірдей Tesla көлігі тиелген жүк көлігі аударылды

21 мамырда Жетісу облысындағы Арқарлы асуында Tesla көліктерін алып келе жатқан көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы – Өскемен жолының 143-шақырымында Scania көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Көлікті 39 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан. Ол 7 Tesla көлігін Алматыға апара жатқан.
Жетісу облысы полиция департаменті жол апатынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.