Алматинская область

Алматы облысында мопед жүргізушісі аударылып қаза тапты (ВИДЕО)

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында мопед жүргізушісі жол апатына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«10 шілде күні Тұздыбастау ауылында мопед аударылып кетті. Жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Түрлі жарақаты бар жолаушы ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады полиция.

Аймақ полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Другие новости

Back to top button