Алматинская область

Алматы облысында жігітті күштеп әскерге әкетіп, артынша психиатриялық диспансерге жақындарының рұқсатынсыз жатқызып тастаған

Алматы облысында зағип анасын бағып жүрген жігітті күштеп әскерге әкетіп, екі күн әскери комиссариатында ұстап, Тараз бөлімшесіне жіберген. Сорақысы, бірнеше аптадан кейін жігіт психиатриялық диспансерден бір шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арманжан Арықбай көзі нашар көретін анасын қарап жүрген. Отбасының айтуынша, оны Қонаевқа күштеп апарып, кейін Тараздағы №5513 әскери бөліміне жіберген. Бірнеше аптадан кейін ата-анасының келісімінсіз, ешқандай түсініктемесіз психиатриялық диспансерге ауыстырылды.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Сөздерінше, 17 маусымда жігіттің талмасы ұстап, дереу медициналық мекемеге жеткізілген.

“Сарбаздың айтуынша, ол әскерге шақырылғанға дейін басынан жарақат алған, содан кейін ол осындай жағдайларды мезгіл-мезгіл басынан өткерген. Қазір ол Алматыдағы республикалық психикалық денсаулық орталығында тексеруден өтіп жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық, тереңдетілген медициналық тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Назарбаев университетіне оқуға түскен жігітті құзырлы орган өкілдері әскерге күштеп алып кеткені туралы хабарлаған едік.

Другие новости

Back to top button