Алматинская областьВыбор редакции

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Алматы облысының таулы аумағында Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда көліктердің бірінің аударылып қалғандығын және зардап шеккендерге көмектесіп жатқан адамдарды байқауға болады.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 20 желтоқсан күні Алматы облысы Кеген ауданында болған.

Жол апаты Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant автокөліктерінің соқтығысуынан болған. «Hyundai Santamo көлігін 44 жастағы ер адам басқарған, ол Кеген-Көкпек-Түп бағытындағы жолдың 60 шақырымында рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Hyundai көлігінің жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен екі адам жеткізілген», — деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3 бөлігі («Абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Другие новости

Back to top button