Алматинская областьВыбор редакцииСпорт

Алматы облысында II Halyk Open Cup балалар турнирі басталды

 Алматы облысы  Ащыбұлақ ауылындағы AZI спорт кешенінде 2013 жылға дейінгі  балалар арасында футболдан 2-ші облыстық «АуылФутбол Cup»  турнирі басталды. Турнирдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирге Алматы облысының Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарынан 16 команда қатысады. Бұл «Халық» қорының қолдауымен өткізіліп отырған екінші облыстық Halyk Open Cup турнирі.

Ашылу салтанатында #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов бұл турнир биыл еліміздің әр өңірінде өтетін 14 облыстық турнирдің алғашқысы екенін атап өтті.

«Құрметті балалар! Құрметті қонақтар бүгінгі шарамыз балалар үшін жасалып жатыр. Турниріміз құтты болсын! Алматы облысы бұл турнирді бірінші болып бастағалы тұр. Сосын 14 облыста өту жоспарға алынған. Балалар сендер бірінші болып республикаға бастап беріп жатырсыздар. Футбол болған соң жарыста жеңу де, жеңілісте болады. Ең бастысы әдемі ойын көрсетіп өздерің ойыннан жақсы әсер алыңдар. Бүгінгі шараға ата-аналарда келіп ат салысып жатыр. Баршамыз ауылға жақсы көңіл күйде қайтайық деген тілек бар»,  — деп айтты Серік Мәмбетов.

Ашылу салтанатында «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов та қолдау сөздерін айтты.

«Қайырлы күн құрметі балалар, ата-аналар, бапкерлер, қонақтар! Бүгінгі турнир құтты болсын! Бұл Алматы облысындағы II Halyk Open Cup турнирі, өткен жылы жазда алғашқы турнирін Жібек жолы ауылында өткізгенбіз. Облыстық деңгейде басталған турнир жалғасын тауып, бүгін республикаға тарап жатыр. 14 облыстан шыққан жеңіпаздар Республикалық турнирде бас қосады. Осы жердегі барлық командаларға жеңіс тілеймін! Мықты командалар жеңіске жетсін! Сіздерге сәттілік!», — деді Ғалымбек Жақсылықов.

Регламентке сәйкес 16 турнир қатысушысы 4 топқа бөлінген, оның ішінде 2 үздік команда плей-офф кезеңіне өтіп, жеңіске дейін ойнайды. Жүлдегерлер кубоктармен және «Халық» қорының логотипі бейнеленген эксклюзивті медальдармен марапатталады.

«АуылФутбол» жобасы 2024 жылы тағы 13 өңірде осындай турнир өткізуді жоспарлап отыр.

«2024 жылдың сәуір айынан бастап қыркүйекке дейін өңірлік турнирлердің кестесі бекітілді . Ал 2024 жылдың қазан айында Бас демеушіміздің қолдауымен Алматы облысында облыстық турнирлердің жеңімпаздарының қатысуымен бірінші республикалық «Halyk Open Cup» турнирін өткіземіз. Республикалық турнир тек спорттық жарыс емес, бұл  «саяхат, жаңа танысулар, жаңа әсерлер болмақ. Сондықтан «Халық» қорына үлкен алғыс білдіреміз», — деп түйіндеді сөзін С.Мәмбетова.

«Халық» қайырымдылық қоры құрылған сәттен білім, денсаулық, спорт, мәдениет және әлеуметтік салалардағы жобаларды қолдап келеді. Спорт — тәбие құралы. Салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймайды, жастарды тәртіпке, жауапкершілікке, бірлікке, татулыққа, өзін де өзгені де сыйлауға үйретеді. Бұл жағынан келгенде #Ауылфутбол жобасы көпке үлгі. Жобаның республикалық деңгейге шығуына үлес қосу, ауыл балаларының жоба аясындағы жетістіктерін көру біз үшін үлкен мәртебе. Қордың негізгі мақсаты да – көмек пен қолдауды қажет ететін салаларда азаматтарды демеу, қоғамды ізгілендіруге үлес қосу. Алдағы уақытта ба бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз», — деді «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері ауылдағы балалар футболын қолдау болып табылады. Осы уақытқа дейін 100-ден астам команда қаржылай қолдауға ие болды, екі ауылда алаңдар салынды, жаттықтырушылар үшін ондаған семинар-тренингтер өткізілді.

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың «Халық» қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 120-дан астам жобаға 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген.

 

Другие новости

Back to top button