Алматинская областьВыбор редакции

Алматы облысында бұрынғы жігіті денесін пышақпен тастаған бойжеткеннің жағдайы белгілі болды

Алматы облысында ер адам 25 жастағы бойжеткенді үйінен алып кетіп, денесін пышақпен тілгілеп тастаған. Қыздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 

Ауыр соққыға жығылған жас қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жәбірленуші өзіне қастандық жасаған азаматпен бұрын жақын қарым-қатынаста болғанын айтты. Сөзінше, жігіттің оны ұрып-соққаны алғашқы жағдай емес. Ер адам бойжеткенді көлікпен қала сыртына шығарып, аяусыз сабап тастаған. Қазір зардап шегушінің денесінде сау жері жоқ. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықта деп бағалайды.

“Көптеген жарақаттар алынған. Жабық түрде бас зақымы, пышақпен кесілген жарақаттар болды. Беті, қолы, саны және мұрын сүйектерінің сынуы. Қазіргі таңда Талғар ауруханасының жарақат емдеу бөлімінде жатыр. Протокол бойынша емін алып жатыр”, – дейді Талғар орталық аудандық бөлім меңгерушісі Айдос Еркенов.

Күдікті — 2001 жылғы азамат. Бүгінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жағдайға қатысты «Адам өлтіруге ұмтылу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.

“Талғар ауданының ауруханасының хабарламасы және Б. есімді жәбірленуші азаматтың өтініші Талғар ауданының ПБ-да тіркелді. Тергеу барысында ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайлары анықталатын болады”, – дейді Алматы облысы полиция департаментінің  ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Еске салсақ, осыған дейін Талғар ауданында жас қызды бұрынғы жігіті қатты соққыға жыққаны туралы айтқан болатынбыз.

Другие новости

Back to top button