Алматинская областьВыбор редакции

Алматы облысында бір отбасы жоғалып кетті

Алматы облысындағы таулы аймақта бүтін бір отбасы жоғалып кетті. Төтеншеліктер 7 адамды іздестіруде, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне 3 қаңтар таңғы сағат 8:00-де адамдардың жоғалғаны жайында хабарлама түскен. Дерекке сүйенсек, олар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелік ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында адасқан.

 

7 адамнан тұратын отбасы. Яғни, 4 ер адам, 2 әйел және 1 бала. Олар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы қыратына қарай шығып, үйлеріне оралмаған,

— делінген ТЖД ақпаратында.

 

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізуде. Сонымен қатар көктен де бақылау үшін дрон ұшырылған.

Другие новости

Back to top button