Алматы

Алматы метрополитені уақытша жабылды

Метро жұмысының тоқтауына 5 балдық зілзала себепкер болды  

Алматы метрополитені уақытша жабылды, деп хабарлады Azattyq Ruhy  

Метрополитен баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдеріне тексеру жұмыстарын жүргізбек.

«Осыған байланысты Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазір метро аумағында ешқандай бұзылу байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды», – делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады. Сағат 14:00-тегі жағдай бойынша халықты қабылдау пункттерінде 1132 адам жүгінген.

«Алматыдағы аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу пункттерінде жүр», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button