Образование

Алматы мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өтті

Бүгін мегаполистің барлық мектептерінде «Білімім-Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.

Алдымен оқушылар Мемлекеттік Әнұранды шырқады. Осыдан кейін ҚР Оқу-ағарту министрі жолдаған құттықтау сөзін тыңдады.

Сынып сағаты аясында ұстаздароқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады. Жыл бойы үздік нәтиже, үлгілі істер көрсеткен оқушылар марапатталды.

Сонымен қатар 9 және 11 сынып оқушылары «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазып, өздерінің болашақ жоспарлары туралы айтып, мұғалімдерге алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, биыл Алматыда 16 мыңға жуық түлек 11 сыныпты бітіреді. Оның ішінде 433-і «Алтын белгі» аттестатына, 1392 оқушы үздік аттестатқа үміткер.

Сондай-ақ 9 сыныпты 27 мыңнан астам оқушы аяқтайды, оның 1916-сы үздік аттестатқа үміткер.

Алматы қаласында 337 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 215 мемлекеттік және 122 жеке меншік. 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныпта 300 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.

Другие новости

Back to top button