ГлавноеГосорганы

Алматы және Ақтөбе облыстарының әкімдері қызмет орнын сақтап қалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов та Ақтөбе облысының әкімі қызметін сақтап қалды.

«Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген Президент Жарлығында.

Айта кетсек, 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген Марат Сұлтанғазиев 2022 жылғы 11 маусымынан бері Алматы облысының әкімі қызметін атқарып келді.

Ал 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген Ералы Лұқпанұлы бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ол 2022 жылғы 31 тамызда Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

Другие новости

Back to top button