Ғылым және техника

Әлемдерді жақындастырамыз: Canon өзінің EOS R жүйесіне үш RF объективін қосып, бейне және сурет түсірушілерге арналған гибридті камералар қатарын одан әрі кеңейтті

Бүгін Canon өзінің RF гибридті объективтер сериясына үш маңызды жаңа өнім қосылатынын жариялады, олар EOS R жүйесіне арналған, ұдайы түрленіп, толығып келе жатқан L сериялы фокустық қашықтығы тұрақты объективтер және зум-объективтер қатарын толықтырады.

RF 70-200mm F2.8L IS USM Z, RF 50mm F1.4L VCM және RF 24mm F1.4L VCM объективтері 11 желекті сақиналы апертурасы бар механикалық диафрагма, жарық аз жерде жылдам және тиімді түсіру, сонымен қатар, фотографтардың да, видеографтардың да талаптарын қанағаттандыратын жетілдірілген оптика және мейлінше аз фокустық «тыныс» сияқты негізгі бейнетүсірілім функцияларын ұсынатын гибридті оптиканың жаңа өнімдерінің бір бөлігі болып табылады. Canon ұсынған жаңашыл RF объективнің бекітпесі гибридті объективтер технологиясын жарыққа шығарып, кәсіби мамандардың өзгермелі қажеттіліктерінен көрініс береді, өйткені ымырасыз объективке сұраныс оларды екі әлемді де игеруге мәжбүрлеп отыр.

Епті, ұтымды, кәсіби мамандар сенім артатын зум диапазонына ие RF 70-200mm F2.8L IS USM Z объективі қосымша икемділік пен қамту маңызды болып табылатын спорт, жабайы табиғат, жаңалықтар және гибридті түсірілім үшін аса қолайлы. Ол электронды парфокальды калибрлеу және фокустық «тынысты» басу сияқты кәсіби тұрғыдан шешуші мәнге кинотүсірілім функцияларын, сонымен қатар қосымша Power Zoom адаптерлері арқылы сервозум, кірістірілген 5,5-сатылы Оптикалық кескін тұрақтандырғыш1 және апертураны оңай басқаруға арналған арнайы Механикалық диафрагма2 ұсынады. Объектив сонымен қатар Canon ұсынған қосымша RF ұзартқыштарымен үйлесімді, ал бірқалыпты зум үшін қосымша Power Zoom адаптерлерін – PZ-E2 немесе PZ-E2B – Canon-ның Camera Connect/EOS Utility қолданбалары, Browser Remote функциясы немесе үйлесімді камералармен Canon XC хаттамасы бойынша IP арқылы қолмен немесе қашықтан пайдалануға болады. PZ-E2B 20-түйіспелі интерфейсі сондай-ақ ыңғайлырақ басқару үшін, сонымен қатар студиялық қолданбалардың көпшілігі үшін зум/фокус талаптарын қанағаттандыру үшін Canon ұсынған сервожетегі бар зум тұтқасымен бірге жұмыс істей алады.

RF 50mm F1.4L VCM объективі өте тиімді фокустық қашықтықты ұсынады және айрықша айқындық пен керемет кескін сапасын, сондай-ақ адам көзіне жақын табиғи көру бұрышымен қамтамасыз етеді, сол себепті жарық аз жерде портреттер түсіру, репортаждар жасау немесе үйлену тойларын және кинематографиялық әсерге ие оқиғаларды бейнеге түсіру үшін тамаша құрал етеді. Ол сондай-ақ RF 50mm F1.2L USM объективінен 40 пайызға жеңіл, яғни басқару оңай, фокустық қашықтығы тұрақты, жарық күші жоғары объектив іздейтін мамандардың көңілінен шығады.

RF 24mm F1.4L VCM объективі алдыңғы EF объективінен шамамен 20 пайызға жеңіл, кең фокустық қашықтықты ұсынады, сол себепті нысанды контекстіде көрсету маңызды болатын жерде пейзаждар, сәулет және интерьер, сондай-ақ белгілі бір ортадағы портреттер, кинотүсірілім және бейнесұхбаттар үшін тамаша таңдау етеді. Фокус қашықтығы тұрақты екі объектив фокус қашықтығы тұрақты гибридті объективтің қалған бөлігімен бірдей өлшемге және пішінге ие, сондықтан бейнетүсірілім кезінде тұрақтандыру жүйесі ретінде пайдалануға ыңғайлы.

RF 50mm F1.4L VCM және RF 24mm F1.4L VCM объективтерінің өлшемі топтамадағы фокустық қашықтығы тұрақты басқа гибридті RF 35mm F1.4L VCM объективінің өлшемімен бірдей, екеуі де жылдам f/1.4 диафрагманы ұсынады, яғни жарық аз кезде үлкен артықшылық береді, ал Nano USM фокус моторы және Дыбыстық шарғысы бар мотор (Voice Coil Motor)3 арқасында объективтер өте жылдам автофокуспен және дыбыссыз дерлік жұмысымен ерекшеленеді. Олар сонымен қатар L сериялы4 қаңқасының арқасында қиын жағдайда жұмыс істей алады, олардың құрамына жоғары сапалы әйнек элементтер және бекітпедегі суға төзімді резеңке кіреді. Объективтің бірінші беттігіндегі фторлы жабын кірдің алдыңғы элементтерге жабысуына жол бермейді, ал арнайы Объективті басқару сақинасы, Механикалық диафрагма және реттелмелі Объектив функцияларының түймесі дербес басқарудың жетілдірілген деңгейлерін ұсынады.

Бейне және фототүсірілім нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған, Механикалық диафрагма2, минималды фокустық «тыныс» және бірқалыпты фокус сияқты бейнетүсірілім функциялары бар үш жаңа гибридті объектив керемет кескін сапасымен қамтамасыз етіп, шығармашылық үдерісті басқарудың жаңа деңгейін ұсынады.

Canon RF 70-200mm F2.8L IS USM Z объективінің негізгі сипаттамалары Объектив Canon RF 70-200mm F2.8L IS USM Z — Canon Kazakhstan

  • Түрлі түсірілім сценарийлері үшін кең f/2,8 диафрагмасы бар қажетті фокустық қашықтықтар диапазоны бар
  • Сурет сапасы керемет, қолайсыз ауа райынан қорғаныс, сонымен қатар екі Super UD линзасы, бір UD линзасы, үш асфералық линза, сонымен қатар ASC және Super Spectra жабындары арқасында айқын, жоғары ажыратымды кескіндерге қоса қосымша беріктікті қамтамасыз етеді
    • Кәсіби электрондық парфокальды фокус және фокустық «тынысты» басу бейне түсіру кезінде тұрақты көру алаңын ұстап тұрады
    Ішкі зум жиектеме ұзындығының тұрақты екенін білдіреді, яғни тұрақтандыруға, ауа райына төзімділікке және бірқалыпты жұмыс істеуге тиімді
    Механикалық диафрагманы бірқалыпты басқаруда сатылар арасында 32 қадам бар (шыртылдамайды) және «Авто» күйіне қоюға арналған босату қосқышы бар
  • 11 желекті сақиналы апертура боке мен жарқыл әсерін тамаша, жоғары кәсіби деңгейде басқаруды қамтамасыз етеді
  • Ыстыққа төзімді ақ немесе стандартты қара жабындары бар ​​
  • Салмағы 1115 г (ақ), 1110 г (қара), штативсіз
  • Өлшемі 88,5 мм (е) x 199 мм (ұ)

Canon RF 50mm F1.4L VCM объективінің негізгі сипаттамалары Объектив Canon RF 50mm F1.4L VCM — Canon Kazakhstan

  • Жылдам f/1,4 диафрагмасы бар 50 мм табиғи фокустық қашықтық жарық аз кезде портреттер мен бейнелер түсіру, сондай-ақ бейнетүсірілімде айқындық тереңдігін жоғары кәсіби деңгейде реттеу үшін өте қолайлы.
  • Екі асфералық линза мен UD линзасының арқасында сурет сапасы керемет, сонымен қатар Super Spectra және ASC жабындарының арқасында айқындық пен контраст жоғары. Қиын жағдайларда кәсіби төзімділік үшін L-сериялы қолайсыз ауа райынан қорғаныспен жабдықталған
  • Бірқалыпты механикалық диафрагмада сатылар арасында 32 қадам бар (шыртылдамайды) және «Авто» күйіне қоюға арналған босату қосқышы бар
  • 11 желекті сақиналы апертура боке мен жарқыл әсерін тамаша, жоғары кәсіби деңгейде басқаруды қамтамасыз етеді
  • VCM және Nano USM моторлары бірқалыпты, жылдам және дыбыссыз автофокусты қамтамасыз етеді
  • Арнайы түйме және басқару сақинасы камера параметрлерін баптауды және басқаруды жеңілдетеді
  • Салмағы 580 г.
  • Өлшемі: шамамен 76,5 x 99,3 мм

Canon RF 24mm F1.4L VCM объективінің негізгі сипаттамалары Объектив Canon RF 24mm F1.4L VCM — Canon Kazakhstan

  • Жылдам f/1,4 диафрагмасы бар, фокустық қашықтығы 24 мм, кең бұрышты объектив жарық аз кезде интерьерлер мен пейзаждар түсіру үшін, сонымен қатар бейнетүсірілімде айқындық тереңдігін жоғары кәсіби деңгейде реттеу үшін өте ыңғайлы
  • Екі UD линзасы мен бір асфералық линзаның, сонымен қатар жоғары айқындық пен контраст үшін Super Spectra, SWC және ASC жабындарының арқасында сурет сапасы тамаша болады. L-сериялы қолайсыз ауа райынан қорғаныс қиын жағдайда кәсіби төзімділікті қамтамасыз етеді
  • Бірқалыпты механикалық диафрагмада сатылар арасында 32 қадам бар (шыртылдамайды) және «Авто» күйіне қоюға арналған босату қосқышы бар
  • 11 желекті сақиналы апертура боке мен жарқыл әсерін тамаша, жоғары кәсіби деңгейде басқаруды қамтамасыз етеді
  • VCM және Nano USM моторлары біркелкі, жылдам және дыбыссыз автофокусты қамтамасыз етеді
  • Арнайы түйме және басқару сақинасы камера параметрлерін баптауды және басқаруды жеңілдетеді
  • Объективтің артындағы артқы сүзгі ұстағышы шығармашылық үдерісті жақсырақ басқаруды қамтамасыз етеді
  • Салмағы 515 г.
  • Өлшемі: шамамен 76,5 x 99,3 мм

1 CIPA -2024 стандарты: EOS R8 қолданғанда 200 мм фокустық қашықтықта жорту/тангаж кезінде 5,5 сатыға объективтің ортасында.

2 Диафрагма сақинасы объективті 2024 жылдың мамырына дейін шығарылған EOS R жүйесінің камераларымен фототүсірілімде пайдалану кезінде диафрагманы басқару үшін белсенді емес.

3 Маңызды: Дыбыстық шарғысы бар мотор (Voice Coil Motor — VCM) әлсіз магнит өрісін шығарады. Қолданыста әдетте қауіпсіз болғанымен, егер Сізде кардиостимулятор немесе кез келген басқа медициналық құрылғы болса, кез келген түйіткілді мәселені шешу үшін дәрігермен кеңесу ұсынылады.

4 Объектив шаңға және суға төзімді болғанымен, шаңның немесе су тамшыларының объективке түсуіне кедергі бола алмайды.

 

Жаңа гибридті объективтер туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.canon-kz.com/lenses/

Canon Europe туралы

Canon Europe — EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағында кескін өңдеу технологиялары мен қызметтерін жаһандық жеткізуші Canon Inc. компаниясының стратегиялық штаб-пәтері. Canon Europe шамамен 120 елде жұмыс істейді, қызметкерлерінің саны 12 850 адамға жуық, жыл сайын Canon компаниясының әлемдік кірісінің шамамен төрттен бірін табады.

1937 жылы негізі қаланған Canon компаниясының үздіксіз инновацияларға деген ұмтылысы 80 жылдан астам тарихында кескін өңдеу сапасын биік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Компания қажет салаларға инвестиция салу, камералардан бастап коммерциялық принтерлерге дейін, өнеркәсіптік жабдықтан бастап денсаулық сақтау технологияларына дейін өсу мүмкіндіктерін пайдалану міндеттемесін мойнына алды.

Canon корпоративтік философиясы — Kyosei — «Ортақ игілік үшін бірге өмір сүріп, жұмыс істеу». EMEA аймағында Canon Europe Canon өнімдері, шешімдері мен қызметтері арқылы өзінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға және клиенттеріне қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуда қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөле отырып, бизнесті тұрақты дамытуға ұмтылады.

Canon баршаның игілігі үшін кескін өңдеу әлемін үнемі ой елегінен өткізіп отырады. Өзінің технологияларының және инновациялық рухының арқасында мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, әлемімізді бұрын-соңды көрмеген қырларынан көруге көмектеседі.

Canon Europe туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: www.canon-europe.com.

 

 

 

 

 

 

Другие новости

Back to top button