Әлемдегі ең қымбат дәріден кейін Қазақстанда бір бала қайтыс болды
Швейцарияның Novartis компаниясы Ресей мен Қазақстанда Zolgensma препаратымен жұлын бұлшықетінің семуін емдеу кезінде екі баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Zolgensma әлемдегі ең қымбат дәрі болып саналады. Бір дозаның бағасы 2 миллион доллардан асады.
Рейтер агенттігі Novartis компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Ресей мен Қазақстандағы екі баланың өліміне не себеп болғанын да жазды. Zolgensma-ны еккеннен кейін бес-алты апта өтке соң, балаларда өткір бауыр жетіспеушілігі басталған. Соның салдарынан екеуі де көз жұмды.
Жұлын бұлшықетінің семуі тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Осы уақытқа дейін науқас балалар өмір бойы қымбат дәрілерді ішіп келген. Алайда олардың 50 проценті екі жасқа да жетпей, қайтыс болады.
Ал «Zolgensma» препаратының бір дозасы ауруды тоқтатады. Оның құрамында SMN1 генінің көшірмесі бар. Ол адам ағзасындағы кемістігі бар генді алмастырады.
Айта кетері, «Zolgensma» препаратын швейцариялық «Novartis» компаниясы шығарады. Бұл дәрі Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат препарат ретінде енген.