Спорт

Әлем чемпионы болған Қазақстан боксшылары 415 мың доллар сыйақы алады

Бокстан әлем чемпионы болған спортшылар қанша сыйақы алады? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Министрлік тарапынан әлем чемпиондарының әрқайсына 15 мың доллардан береміз және олардың бапкерлеріне де 15 мың доллар қарастырылған. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан – 100 мың доллар, AIBA тарапынан 200 мың доллар беріледі, — деді Асхат Оралов бүгін елорда әуежайында бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерін қарсы алу салтанатында.

Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларымызға өз қаражаты есебінен қосымша 100 мың доллардан беретінін айтқан еді.

Сонымен бірге министр әлем чемпионатындағы жетістікті – тарихи ұлы жеңіс деп мәлімдеді.

Қоса кетсек, бүгін жеңімпаздардың алғашқы легі елге оралды. Чемпиондардың екінші тобы – Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай Астана уақытымен сағат 16:00-де елордаға қонады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады.

Другие новости

Back to top button