Госорганы

Алдағы үш жылда Қарағанды облысында 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады

Алдағы 3 жылда Қарағанды облысында 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпара Ақордаға сілтеме жасап.

«Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың тұрмысына тікелей әсер етеді. Мен ұрпақтың сапалы білім алуына баса мән беріп отырмын. Менің бастамаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Оны бүкіл еліміз бойынша жүзеге асырып жатырмыз. Алдағы 3 жылда осы өңірдің өзінде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатын болады. Келесі жылы құрылыс басталады. Сондықтан, жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесі қазірден бастап шешімін табуға тиіс», — деді ҚР Президенті кездесуде.

Сонымен қатар Президент медициналық білім беру жүйесін дамыту – басты міндеттің бірі екенін жеткізді

«Қарағанды медицина университеті бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу орнын дәрігерлер ұстаханасы деуге болады. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады. Университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Клиника осы өңірде медицина ғылымын дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге тың серпін береді ден сенемін», — деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Другие новости

Back to top button