АлматыСпорт

Алатау ауданында қос бірдей футбол алаңы қолданысқа берілді

Көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары үшін жаттығу тегін болмақ

Алматының Алатау ауданында қос бірдей футбол алаңы қолданысқа берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мәдениет» шағынауданында орналасқан спорт кешені 300-ге жуық баланы қабылдай алады. Екі алаң да жеке кәсіпкерлердің қаражатымен бой көтерді. Төбесі жабық кешен жылдың 4 мезгілінде де жұмыс істей береді. Футбол алаңын салудағы басты мақсат – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спорт кешенінің ашылуына орай жарыс ұйымдастырылып, жеңгендерге бағалы сыйлық табысталды.

Айта кетейік, көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары үшін жаттығу тегін болмақ.

«Бұл құрылысқа 2 жылдай уақыт кетті. Құрал-жабдықтардың бәрі өте сапалы әрі мықты. Балаларға ыңғайлы.Бүгінгі турнирде 6-9 жас сондай-ақ, 9-12 жас аралығында өтіп жатыр», – деді  жеке кәсіпкер  Бақытжан Қадырбеков.

Другие новости

Back to top button