Абайская область

Алакөлге туристерді тарту бойынша жол картасы дайындалды

Абай облысында Алакөл көлін дамыту бойынша жол картасы аясында 40-қа жуық шара жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Туристерді тарту және қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін көл жағалауын дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов атап өткендей, жол картасы туристерге қолайсыздық туғызатын инфрақұрылым, экология, демалушылардың қауіпсіздігі және басқа да мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша 40 іс-шараны көздейді.

«Үржар әуежайының жарық сигнал беру жабдығы, бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру жүйесін қайта жаңарту аяқталуға жақын. Әуежай терминалына реконструкция жасау бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді, жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында. Бүгінгі таңда «Алматы-Үржар-Семей-Үржар-Алматы» бағыттары бойынша рейстер аптасына екі рет орындалады», – деді Айдын Кәрімов.

Сондай-ақ әкімнің бірінші орынбасары биылғы маусымнан тамызға дейін рейстердің жиілігі аптасына 3-4 ретке дейін артатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей ұшақ қатынай бастайды.

«Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қабанбай ауылында 2 техникаға арналған өрт депосын салуға ЖСҚ әзірлеу басталды. Жобаны іске асыру облысты дамытудың 2024 жылға арналған Кешенді жоспары шеңберінде дайындалды. 2027 жылға дейін жаңа аймақтарды қоса алғанда, көлді жағалауды нығайту бойынша жұмыстар кезең – кезеңімен жүргізілетін болады», — деді Айдын Кәрімов.

Другие новости

Back to top button