Выбор редакцииГосорганы

Алаяқтарға аударған ақшаны қалай қайтаруға болады – мамандар кеңесі

Қаржылық алаяқтыққа ұшырауға бейім негізгі тәуекел тобы - зейнет жасындағы адамдар

Қаржы мамандары өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада көп ақша сақтамауға кеңес береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері қажет болған жағдайда негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс екенін айтады. Оның үстіне, банктердегі ішкі операциялардың көпшілігі тегін.

«Ең алдымен, сізге банкке хабарласып, менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатынын білу керек. Егер қаражат әлі аударылып жатқан болса, онда операцияны тоқтатуға болады. Соңғы операцияны қайтару туралы өтініш жазыңыз. Банктердің қаражатты қайтаруы немесе соңғы операцияны тоқтатуы бірнеше сағаттан 60 күнге дейін жүзеге асырылады», — дейді сарапшылар.

Егер аударым іске асырылған болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Құқық қорғау органдары азаматтарды жәбірленуші деп таныған жағдайда, олар ҚР АК 9-бабына сәйкес үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері бойынша сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.

«Сондай-ақ банктердің техникалық төлемдері жақсы қорғалғанын есте сақтаңыз. Алаяқтар банктердің техникалық қауіпсіздігін бұзуға емес, азаматтардың сеніміне кіруге баса назар аударады. Шоттарыңыздағы барлық операцияларды бақылау үшін мобильдік банкті және SMS-хабарламаларды қосып алыңыз. Осылайша сіз алаяқтардың әрекеттеріне жылдам жауап бере аласыз — мұндайда уақытты өткізіп алмау өте маңызды», — дейді мамандар.

Айта кетсек, агенттік жүргізген зерттеуге сәйкес алаяқтардың жиі қолданатын схемалары – бұл фишингтік сайттар мен мобильдік қосымшаларда жалған хабарламалар жіберу арқылы дербес деректерді ұрлау; мобильдік құрылғыдағы жеке кабинетке кіру мақсатында азаматтарды алдаумен өздерін қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде көрсету.

Қаржылық алаяқтыққа ұшырауға бейім негізгі тәуекел тобы — зейнет жасындағы адамдар. 63 жастан асқан сауалнамаға қатысқандардың 50,7%-ы алаяқтықты бірден ажырата алмаған, оның ішінде 6,3%-ы қылмыскерлерге жартылай ақпарат берген және ешқашан қылмыскер телефон соққан ұйымның деректеріне нақтыламаған.

Азаматтарды алдау үшін алаяқтардың қолданатын құралдар жиыны жеткілікті. Олар әлеуетті құрбандарға телефон соғып шығу үшін қазақстандық қаржы институттарының абоненттік нөмірлерін қайталауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылымды (SIP-телефонияны) пайдаланады.

«Ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін алаяқтар алдына ала келісілген адамдарды тартады, олар өздерінің аңғалдығының салдарынан және оңай жолмен ақша табу мақсатында алаяқтардың айла-шарғыларына көнеді. Бұл ретте, тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары бірінші кезекте осындай адамдарға шығатынын еске саламыз», — дейді мамандар.

Другие новости

Back to top button