Алматы

Әл-Бейнені аяусыз өлтіріп, қызын туыстарына апарып тастаған – Алматыда резонансты іс аяқталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 15 жыл отасқан жұбайын өлтірген Сабыржан Зариповке үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаңтар айында шетелдегі демалыстан оралған марқұм Әл-Бейне Зариповаға күйеуі Сабыржан Зарипов келіп, ажырасу мәселесін талқылаған. Арада жанжал туып, ер адам әйелін пышақтап тастаған. Ол кезде 12 жастағы қызы үйдің екінші қабатында ұйықтап жатқан. Кейін Сабыржан Зарипов әйелдің телефонын пайдаланып, есепші болып жұмыс істеген компанияның шотындағы 4 миллион 700 теңгені өзіне аударып алған. Ал қызын туысының үйіне апарып тастайды.

Әл-Бейне Зарипова тірі кезінде анасына күйеуінен таяқ жеп, қорлық көріп жүргенін айтқан. Марқұм ақшадан тарықпаған, қаржыгер болып жұмыс істеген. Екі қабатты үй тұрғызып алған, үш пәтері, көлігі болған.

Сабыржан Зариповқа екі баппен айып тақты: бірі — ұрлық, екіншісі — адам өлтіру. Ол тағылған айыпты ішінара мойындады. Әйелін эмоционалды күйзеліс кезінде өлтіргенін айтып, жүйелі түрде азғындық жасағанын мойындаған.

Сот үкімімен Сабыржан Зарипов кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған азаматтан «С» ЖШС-нің пайдасына 4 700 000 теңге материалдық залал, сонымен қатар бес жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 20 000 000 теңге моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Другие новости

Back to top button