Госорганы

Акушерлер күні: Қазақстанда 9 мыңнан астам маман қызмет етеді

Акушерлер жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық ананы босандырады. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен күннен бастап, баласын аман-есен қолына ұстатып, шығарып салғанға дейін жанында жүреді, қамқорлық танытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Акушер мамандар оларға тек медициналық емес, моралдық қолдау да көрсетеді.

Елімізде 240 босандыру ұйымы, оның ішінде 58 перзентхана және 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Амбулаториялық көмекті 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт  көрсетеді.

Акушерлердің 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді. Перзентханаларда 3 740 акушер, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 3 675 акушер қызмет етеді. 600-ден астам акушер шалғай жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттерде қызмет көрсетіп отыр.

Айта кетсек, Халықаралық акушерлер күнін белгілеу туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде белгіленген.

Другие новости

Back to top button