Культура
Актер Асқар Наймантаев қайтыс болды
Танымал актер Асқар Наймантаев қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі Instagram-парақшасында ауруханада жатқан суреттерін бөліскен еді.
Асқар Наймантаев — танымал актер. Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже» ,»Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер» «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдердінде ойнады.