Выбор редакцииТуркестанская область

«Әкімнің құлы болып отырмыз» — Түркістан облысы тұрғындары жерге зар болып отыр

Түркістан облысы тұрғындары Ұлыстың «Ауылға жол» жобасында жанайқайын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түркістан облысы Ақалтын ауылының тұрғыны Тобықбай Жақсылықұлы алты баланың әкесі, екінші топтағы мүгедек. Ол әкімнен жер сұрап барған.

— Балаларым есейіп қалған. Жер игергісі келеді. Әкімнен жер сұрасам “конкурстан алып беремін” деп сол күйі қалды. Содан әкімнің жерін жалға алып, игеріп жатырмыз. Соның құлы болып отырмыз. Жалға гектарын 50 мың теңгеден аламыз. Ақшасын алдын ала беріп аламыз, дейді тұрғын.

Тағы бір тұрғын “ауылда жер қалмады” дейді.

— Мен де әкімнен жалға жер аламын. Оны әкімге айтсақ “менің жерім емес” дейдін. Мойындамайды. Жылда ақшасын беріп, игеретін жерді жалға аламыз. Ақшасын қолма-қол береміз, дейді тұрғын.

Жергілікті тұрғындар ауылда 3000 гектар суармалы жер бар дейді.

— Оның 500 гектарын әкім өзі сызып алған. 500 гектарын инвесторға берген. Инвестор ешқандай жұ мыс істеп жатқан жоқ. Ауыл жастарына жерді жалға беріп отыр. Әкім қалған жерді ағайын туыстары, әке-шешесіне, әйеліне бөліп берген, дейді тұрғын.

“Ауылға жол” жобасының Түркістан облысынан арнайы репортажын Ұлыстың YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Другие новости

Back to top button