Госорганы

Әкімдердің 60-тан астам орынбасарына айыппұл салынды — министр

Экология министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысы кезінде айыппұл арқалаған әкім орынбасарлары жайлы айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Ерлан Нысанбаев «Қазақстан ғарыш сапары» спутниктік суреттері стихиялық қоқыстарды анықтауға көмектеседі дейді.

Оның нәтижесі бойынша аумақтық экология департаменттері шығып, әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге оларды жою бойынша нұсқаулық береді, тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«2024 жылы 164 лауазымды тұлға жалпы көлемі 9,4 миллион теңгеге, оның ішінде аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді министр.

Соңғы жылдары анықталған полигондардың саны едәуір азайған. Мәселен, егер 2018 жылы 8,7 мың полигон анықталса, 2024 жылы шамамен 4,8 мың полигон көзге түскен, оның 91 пайызы жойылды.

Другие новости

Back to top button